ҚОС МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ
Облыстық ТЖД мәжіліс залында ҚР полициясы мен мемлекеттік қызметкерлер күніне сәйкес іс-шаралар өткізілді.
–Жыл сайын Қазақстанда 23 маусымда Қазақстан полициясының күні – кәсіби мерекесі аталып өтіледі. 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады. Ел қауіпсіздігі – бұл біздің Республикамыз бен халқымыздың жарқын болашағы»,-деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов.
Сонан соң «құқық қорғаушылардың кәсіби мерекесіне арналған деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.
2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының 57-інші Бас Ассамблеясының сессиясы өтіп, онда 23 маусымды мемлекеттік қызметкерлер күні деп қабылдап, ұйымға мүше әр мемлекетті осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. 2013 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына өзгертулер енгізіп, 23 маусымды мемлекеттік қызметкерлер күні етіп жариялады.
Осы салтанатты шара барысында Қызылорда облысы ТЖД және бағынысты мекемелердің қызметкерлері мерекеге орай марапатталды.