ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Мешітте Құран Хатым дұғасы жасалып, бас имам Қадір түнінің қасиеті қасиеті жөнінде уағыз-насихат айтты. Одан бөлек Тәубе намазы, Тасбих намазы, Таһажжут намазы оқылып, еркін құлшылық етуге мүмкіндік берілді.
Жылдағы дәстүр бойынша «Құлшылық самалы – Рамазан» атты шығармалар байқауының нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.
Ислам дінінің өркен жаюына қаламымен үлес қосқан тілшілер бас имам Т.Омаровтың қолынан алғыс алып, қаржылай сый-сияпатқа ие болды.




Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі