МЕРЕКЕДЕГІ МАРАПАТ

Үстіміздегі жылдың 12-21 маусым аралығында облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXII мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада өткен болатын. Осы сайыста басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты «Сыр медиа» ЖШС мамандары жүлделі орындарға ие болды. Мерекелік шарада үздіктер қатарынан көрінген оларға облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемұлының алғыс хатымен марапатталды.





