ЕЛІМІЗДІҢ 5 ҚАЛАСЫНДА ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Еліміздің 5 қаласында ядролық медицина орталығы ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Онкологиялық қызметті дамытып, жаңғырту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл және келесі жылы еліміздегі 5 онкологиялық орталық модернизацияланады. Атап айтқанда, Семей қаласында биылғы жылдың соңына дейін ядролық медицина орталығы ашылады. Ал Алматы, Астана, Ақтөбе және Қарағандыда 2015 жылы осындай орталықтар құрылады», - деді Мусинов.
Вице-министр онкологиялық дертке шалдыққандардың барлық қажеттімен, оның ішінде қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетінін атап өтті.