БИЫЛ 102 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 6,5 млрд. теңге бөлініп, 102 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оның 32 шақырымы салынады және қайта жаңғыртылады, ал 70 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жасалады.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес осы жылы 3 көпір салынып, тағы екеуі жөнделеді.