АҚТӨБЕДЕГІ АВТОБУС АПАТЫ, 9 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛЫП, 43-І ЗАРДАП ШЕКТІ
Ақтөбе облысында 52 адам отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбе облысындағы Қарабұлақ ауылының маңында болған. Волгоград - Шымкент бағытында кетіп бара жатқан екі қабатты автобус ішінде 52 адам болған. Ондағы 50 адам Өзбекстан, ал екеуі Қазақстан азаматы болған. Автобустың аударылуынан Өзбекстанның 9 азаматы мерт болып, 18 адам ауруханаға жеткізілді (оның бірі Қазақстан азаматы). 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Жол апаты болған орынға Қарабұлақтағы Апат медицинасы орталығынан 9 құтқарушы мен 2 техника жөнелтілген. Ал облыстық ТЖД қызметінен 7 адам және бір техника жіберілді. Сонымен бірге, оқиға болған жерге екі жедел жәрдем көлігі мен полицейлер жетті.
https://kaz.tengrinews.kz/