ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде "Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу" бойынша облыстық олимпиада өз мәресіне жетті.
Олимпиада тест түрінде өткізіліп, оған облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мартана Қонысбекқызы, департамент директорының орынбасары Айнұр Шорабекқызы, департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Гүлназ Өмірзаққызы төрелік етті.
Қазылар шешімімен олимпиаданың І орны №1 бөлім маманы Т.Қарамановаға берілді, Шиелі аудандық бөлімі маманы М. Белгібаева ІІ орын иегері атанды, ал үшіші орын жүлдесі Жалағаш аудандық бөлімінің маманы С.Елеусіноваға табыс етілді.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.