ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРІ ЭКСПОҒА БАРАДЫ
Бүгін орталық алаңда «Қазақстанның үздік тауары - 2017» облыстық көрме-байқауы өтті.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыруды, отандық тауарлар сапасын көтеруді және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті өнімге толтыруды мақсат еткен байқауды облыс әкімі Қ. Көшербаев аралап көрді.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша 1-орынға «ЭлектроТехнология» ЖШС лайықты деп танылды. Екінші орын жүлдесі «Полимер Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде. Ал 3-орын «МИР 2001» серіктестігіне берілді.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында «ДАЛАТЕКС» ЖШС үздік деп танылды, екінші орын «Қызылорда соқырлар қоғамы» оқу өндірістік коперативіне» бұйырды. Бұл номинациядағы үштікті «ПромКоммерцКА» ЖШС түйіндеді.
Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Арал тұз» АҚ бірінші орын алды. Одан кейінгі орын «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-не бұйырды. Ал үшінші орын иегері ЖК «Ермаханов» болды.
Жеңімпаздар Астана қаласында «EXPO - 2017» шарасы аясында өткізілетін республикалық байқауға жолдама алды.