«ӨМІР МЕНІҢ КӨЗІММЕН»
«Нұр Отан» партиясы «Темір жол» филиалының ұйымдастырмен партияның «Бақытты отбасы–бақытты балалық шақ» жобасы аясында«Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» БПҰұжымда «Өмір менің көзіммен» атты шығармашылық фестиваль өтті.
Шараның мақсаты:бөлімшеде жұмыс жасайтын теміржолшылардың мүмкіндігі шектеулі балалары мен көп балалыотбасынан шыққан балаларды кездестіріпәлеуметтік ортаға белсене араласуына қолдау көрсету.
«Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев фестивалды ашып, мекеме есебінде тұрған 7 жеткіншектің бәрі бірдей Ұлттық компания тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемнен тыс қалмай, жыл сайын көмек алып отырғанын, ал бүгінгі фестивалге келген жеткіншектерге берілер сый-сияпат кәсіподақ демеушілігімен әзірленгенін айтып, шын жүректен шыққан жылы демеулік сөздерін мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасынан шыққан балаларға арнады.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базаргүл Танбаева фестивальдың мақсатынмүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауын қадағалап, кедергісіз қоғам құруда мүмкіндігі шектеулі балаларды көп балалы отбасынан шыққан балаларымен кездестіріп, әлеуметтік ортаға белсене араласуына өз қолдарымен дайындаған шығармашылық туындыларын, жеке шығармашылықтарымен тамашалау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру, балалардың және күтімінде отырған ата-аналардың талап тілектерін тыңдап, құзырлы органдарға жетуіне үлес қосу деп жеткізді.
Көп балалы отбасынан шыққан балалардың бірі Нұртөре таэквондо спорттық өнерденүзінді көрсетсе,Бексұлтан өзінің жеке шығармашылықтарынан өлеңдерін оқыды, Дамир жанды дауыста өлең орындаса, Гаухар ЭКСПО -2017 ұсынған тоқыма колөнерімен тәнті етті. Шара соңында фестивалға қатысқан балалар Алғыс хатпен марапаталып, сыйлықтар алды.
Ата-аналар атынан сөз алған Есенғарева Гүлнар «Мекеме басшылықтарының партиялық жоба аясында балаларға көңіл бөліп, қолдап жатқандығы біздерге де қуат бергендей болды»деп өз ризашылығын білдірді.
Балалар алған сый -сияпаттарына қуанышты екендерін жасыра алмай,шығармашылықпен айналасу қатты ұнайтындарын, өмірге деген көзімен жасаған қолөнер бұйымдарын барлық ынтасымен жасағандарын айтып тарқасты.