МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Арал ауданында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мен және менің отбасым» атты семинар болып өтті. Отбасылық құндылықтарға баса мән берген шараға негізінен жас шаңырақ иелері қатысты..
Семинарды «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің психологы Гүлбаршын Әбілтаева өткізіп, жаңадан отау құрғандар арасындағы қарым-қатынас пен отбасындағы ер мен әйел рөлдеріне байланысты тренинг-жаттығулар жүргізді.
Шарада сондай-ақ мемлекеттің жас отбасыларды қолдау бағытындағы әлеуметтік бағдарламалары да кеңінен таныстырылды.