АУДАН ӘКІМІ САЛТАНАТҚА СЫЙ ЖАСАДЫ
Жаңақорған ауданында өткен ҰБТ қорытындысында Бесарық ауылдық округіндегі № 54 орта мектепті бітіруші Салтанат Мағжан 125 балл жинап, аудан бойынша алға шықты. Кеше аудан әкімі Ғ.Әміреев үздік түлекті қабылдап, оған сый жасады.
Жалпы осы ауыл мектебі талай білім бәйгесінде озып жүр. Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша да орташа балы 94-ке жеткен №54 орта мектеп аудан бойынша 1 орынға жайғасты.