ҰБТ: ДӘУРЕН 136 БАЛЛ ЖИНАДЫ
Ал 21 маусым күні 5 тестілеу пунктінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Шиелі аудандарының 1734 түлегі ҰБТ тапсырды.
Басты білім сынағының жаңа форматта өтуіне жүйелі дайындықтың арқасында тест тапсыруда тосын оқиғалар бола қойған жоқ. Түлектерге де білімдерін дәлелдеуге барынша мүмкіндік жасалды.
Сынақтың екінші күнінде қармақшылық Дәурен Отарбай 136 балл жинады. Бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Ол № 250 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері.