ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен "Жас отау" жобасының аясында Абылай хан колледжінің мәжіліс залында «Отбасы діни тәрбиенің өзегі» тақырыбында кәсіпорындар мен мекемелер өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ аға маманы Бақтияр Оспанов қатысты.
Кездесу барысында қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту, тәлім-тәрбие, өскелең жастарды жанұялық өмірге бейімдеу, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы секілді өзекті мәселелер қозғалып, қатысушылар бұл тақырыпта өздерінің пікірлерін айтты.