АБАҚТЫДА АРНАЙЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті мамандары үшін ЗК 169/1 мекемесін аралау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Түрлі қылмыстар үшін жазықтыны уақытша ұстау изоляторында ТЖД қызметкерлері абақты ережесі таныстырылып, байланыс құралдары өшірілді. Содан кейін оларға тұтқындарға арналған камералар, ішкі тәртіпті бұзғандарға арналған камералар (карцер), сондай-ақ тергеу жасау және қамауға алынғандармен кездесу бөлмелері көрсетілді.
Іс-шара қорытындысында ТЖД мамандары өздерінің жабық мекемеден алған әсерлерін айтты. Жемқорлық пен құқық бұзушылықтың ақыры абақтыға апарып соғатынын айтқан олар жат әдеттен аулақ болған жөн десті.
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі