ҰБТ: ҮМІТ АҚТАЛДЫ

Білім басқармасының басшысы Б. Сайлыбаев Шиелі ауданында болып, түлектерге сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде биылғы түлектер ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша сыннан өтіп жатқандығын айтып өтті.
–Жалпы біздің түлектер бұған дейін де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, түрлі білім сайыстарында да республикада алдыңғы қатардан көрініп келеді. Төрт жүзге жуық қызылордалық жас Ресейдің ЖОО-да оқыса, "Серпін" бағдарламасы бойынша 1254, облыс әкімінің гранты негізінде 500-ге жуық түлек білім алуда. Өткен жылы түлектердің 95 пайызы ЖОО мен колледждерге оқуға түсті, мұнда ұстаздардың да еңбегі зор, – деді басқарма басшысы.