ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурызда бекіткен азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кестесіне сәйкес, 2017 жылдың 24 маусым күні З.Шүкіров көшесінің бойында (Абай даңғылы мен А. Иманов көшесінің аралығы) қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуларымен және Ғ.Мұратбаев көшесі (Қ. Яссауи көшесі мен Бұқарбай батыр көшесінің аралығы) Қазалы ауданының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері 2017 жылдың 24 маусым күні сағат: 8:00-14:00 аралығында ұйымдастырылады.
Осы ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қала тұрғындарын қатысуға шақырамыз!