ҚАЗАҚСТАН АДАМИ ДАМУ ИНДЕКСІ БОЙЫНША 70-ШІ ОРЫНҒА ТҰРАҚТАЛЫП, ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ ЕЛДЕР ҚАТАРЫНДА ҚАЛУДА
Қазақстан адами даму индексі бойынша 187 елдің арасынан 70-ші орынға тұрақталып, жоғары деңгейлі елдер қатарында қалуда, деп хабарлайды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ БҰҰ-ның даму бағдарламасының жыл сайынғы баяндамасына сілтеме жасап.
"2012-2013 жылдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы өткен жылғыдай 70-інші орында тұр. Елдердің санаттар бойынша іріктеуінде Қазақстан АДИ бойынша жоғары деңгейлі елдер тобына кіреді", - делінген хабарламада.
Қазақстан Ресей (57-орын), Беларусь (53-орын), Украина (83-орын) елдерімен бір топта тұр. Орталық Азияның басқа елдері келесі орындарда тұр: Түркменстан - 103-орын, Өзбекстан - 116, Қырғызстан - 125 және Тәжікстан - 133.