ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДАБЫЛ ҚАҒУДА
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары «Қызылорда автобус паркінің» қоғамдық көліктеріне судағы қауіпсіздік ережелері жайлы насихаттық материалдарды орналастырып, 450-ге жуық үнпарақ таратты.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары қызылордалықтарды және қала қонақтарын су қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жыл басынан бері аймақтағы су айдындарында 9 адам суға кеткен, оның ішінде 3-і кәмелетке томаған балалар.
Сырдария өзенінің барлық жағалауы суға шомылуға арналмаған. Жергілікті тұрғындар өзенге суға шомылу қауіпті екенін біле тұра жабдықталмаған орындарда суға шомылуларын тоқтатар емес.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов барлық тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін ескеруге шақырды. Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажеттігін айтты. Кез-келген қауіптің алдын алатын қырағылық екендігін еске салды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы