«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ АРАЛ АУДАНЫНДА
Арал ауданы, Сексеуіл кентіне ҚР Ішкі істер министрлігінің №903-904 мамандандырылған «Денсаулық» поезы келіп тоқтады. Поезд басшысы – Дүйсен Балымбетов, бас дәрігері – Сейілхан Артықбаев болды. «Денсаулық» поезы құрамындағы 10 дәрігер, 16 медбике мен 53 қызмет көрсетуші маман көпшілікке дәрігерлік көмек беру үшін атсалысты.
«Денсаулық» поезы 14 - 17 маусымда кенттің 958 тұрғынына, оның ішінде 166 балаға сапалы медициналық көмек көрсетті. Маусым айының 18-нен бастап Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі, Абай елді-мекенінің тұрғындарына қызметін көрсетуде. Ауылдық округ тұрғындары осы ұйымдастырылған дәрігерлік жәрдем көрсету жұмысына өз ризашылықтарын білдіріп отыр.
«Қазақстан Темір Жолы жүк тасымалы» АҚ атқарушы директор-президенті О. Кулаков бекіткен «Денсаулық» поезының қозғалыс кестесі жоспарына сәйкес, аталмыш поезд 13 маусым мен 30 маусым аралығында Арал ауданындағы Сапақ, Шөміш, Бекбауыл елді-мекендерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті