ҚАЗАЛЫДА ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ӨТУДЕ
Бүгін Қазалы ауданы бойынша 458 түлек он бір жыл алған білімі сарапталатын ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.
ҰБТ өткен №249 мектеп-лицей базасындағы 14 аудитория талапқа сай жасақталған. Балалардың жай-күйін бақылау үшін арнайы бейнеқондырғылар орнатылған.
Айта кетейік, ауданда биыл түлектердің 57-і «Алтын белгі», 7-і «Үздік аттестатқа» ие болып, өз білімдерін дәлелдеді. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспай-ақ, 10 оқушы Ресей мемлекеттік университетінің грантын жеңіп алса, 3 оқушы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының, 3 оқушы Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің грантын иеленді.