БЕС АЙДАҒЫ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ АЙТЫЛДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының осы жылғы 5 айдағы жұмысына арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында басқарма басшысы Е. Жалғасбаев осы уақыт аралығында жасалған жұмыстарды баян етті.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекциясы әр түрлі меншіктегі 125 мекеме мен кәсіпорынды тексеріп, 121 заң бұзу фактілерін анықтаған. Осыған байланысты 78 нұсқама берілді.
Осы уақыт аралығында 60 мекеменің 1781 жұмысшысына 223,1 млн. теңге жалақы қарызы өндіріліп берілді.
Жыл басынан бері 23 жазатайым оқиға тіркеліп, оның оны еңбек қызметімен байланысты емес болып табылды. Еңбек қызметімен байланысты тіркелген 13 жазатайым оқиғада 14 адам зардап шеккен. Осы бес айда 452 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, заңға сәйкес жауап берілді.
Басқарманың бес айдағы жұмысын саралаған сала басшысына БАҚ өкілдері тарапынан сауалдар қойылып, оған жауап берілді.