БИЫЛ ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ ӨРШІП ТҰР
Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс бойынша 435 өрт оқиғасы орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда 45 өртке, яғни 10,3 пайызға көбейіп отыр. Бұл туралы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Сыздықов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
«Барлығы 435 өрт оқиғасы тіркелсе, оның 299 жеке тұрғын үйлерде болған. Демек 70 пайызға жуығын құраған тұрғындар өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан оқыс оқиға орын алып отыр. Биыл сондай-ақ, 33 адам өрттен құтқарылды, оның 16 адамы жарақат алған», - деді Серік Сыздықов.
Биыл Қызылорда қаласы бойынша өрт салдарынан 5 адам ажал құшқан, деп хабарлады Қызылорда қалалық ТЖБ басшысы Ербол Әлішеров.
- Өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан бүгінде өрт оқиғалары көптеп кездесуде. Бүгін ғана Арай мөлтек ауданы, Дорожный көшесіндегі жеке тұрғын үйде бір үйдің 5 баласына иіс тиіп ауруханаға түсті. Бүгінде жағдайлары бірқалыпты. Тексеру барысында үйдегі пеш жанар-май арқылы жылытылатыны белгілі болды», - деді.
Бүгінде үй-үйді аралап, пеш немесе мұржараларын тексеруге барған ТЖД қызметкерлерін кіргізбек түгілі, қуып шығатын тұрғындар да кездеседі. Биыл қала бойынша тек 5 мыңнан астам тұрғын үйлер ғана тексерілген. Сондықтан өрт қауіпсіздігін сақтауда, мамандардың көмегіне жүгінген абзал.
Шынар БЕКБАН