447 НЫСАН 125,4 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫ
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің «екінші толқынын» іске асырудың нәтижелері» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтып берді.
Спикердің сөзінше Жекешелендірудің «екінші толқынының» шеңберінде 2014 жылдың маусымынан бастап барлығы 569 нысан сауда-саттыққа шығарылып, оның 447-сі 125,4 млрд теңгеге сатылған. «Оның ішінде, республикалық меншік бойынша – 33 нысан сауда-саттыққа шығарылып, 29 объекті 10,8 млрд теңгеге сатылды, коммуналдық меншік бойынша – 270 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 214 объекті 19,2 млрд теңгеге сатылды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 122 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 107 объекті 6,8 млрд теңгеге сатылды, ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 144 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 97 объекті 88,6 млрд теңгеге сатылды», – деді вице-министр.
Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов қазіргі уақытта қолданыстағы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына түгендеу нәтижесі бойынша қосымша енгізілгендерді есептегенде 878 нысан енгізілгенін, оның 217-сі сатылғанын айтып өтті.
«Сатылған 217 объектінің 18-і республикалық меншік, 106-сы коммуналдық меншік, 93-і квазимемлекеттік сектор объектілері», – деді спикер.