«TS ОҢТҮСТІК ЖАНАРМАЙДА» ТЕКСЕРУ ЖҮРДІ
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы филиалы басшылығы бекіткен кестеге сәйкес «TS Оңтүстік жанармай» мекемесіне қарасты кен орнында жоспарлы өрт-тактикалық жаттығу өтті.
Жаттығу сценарийіне сәйкес электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан №1 тұрғын үй ғимаратында өрт басталып, тез арада таралды. Өрт сөндірушілерге қажетті шараларды жедел қабылдап, шартты өртті оқшаулау мен жою тапсырылды.
Жаттығудан кейін филиал қызметкерлері нысанның қызмет көрсету маманына алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Сонымен қатар, нысандағы өрт қауіпсіздігі мен профилактикаға қатысты барлық құжаттар тексеріліп, кемшіліктер жойылды.