ЖАСТАР "STOP ҚЫЛМЫС" ТҮНГІ РЕЙДІНЕ ҚАТЫСТЫ
Қылмыстардың көпшілігі түн баласы жасалатыны белгілі. Осыған орай Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқарамасы, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және "Қызылорда облысының жастар Одақтары" ҚБ өкілдері құқық қорғаушыларды тарта отырып рейд ұйымдастырды. «Stop Қылмыс» рейді жастар көп жүретін букмекерлік кеңсе, орталық алаң, түнгі клубтар мен ойын-сауық орталықтарын толық қамтыды.
Түн баласы заңды өкілінің қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған балалар анықталып, олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында арнайы үнпарақтар таратылды.