ТҮЛЕКТЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТ ТАПСЫРУДА
Жалағаш кентіндегі З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп базасында орналасқан №869 Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығында 215 оқушы өз бақтарын сынауда.
Білім сынағының ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Т.Дүйсебаев:
- Соңғы бес жыл көлемінде ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан біздің аудан облыста алдыңғы қатарлардан, соңғы екі жылда аудан түлектері тестілеу қорытындысы бойынша облыста бірінші орынды иеленіп келеді. Биылғы мектеп бітірушілеріміз де осы дәстүрді жалғастырып, абырой биігінен көрінеді деген сенімдеміз, - дей келе, барша сынақ тапсырушы түлектерге ақ жол, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, былтыр 299 оқушы мектеп бітіріп, соның 243-і ҰБТ сынағына қатысып, 162 мектеп бітіруші мемлекеттік грантты иеленсе, биыл аудан бойынша 293 оқушы он бірінші сыныпты тәмамдап, соның 215-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысуда. Оның ішінде, 16 мектеп бітіруші «Алтын белгі», 7 бітіруші «Үздік аттестат» иегері.