САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ
Мемлекеттік маңыздылығы бар МӘМС жүйесі бойынша халыққа барынша ақпарат беру, бұл жүйенің негізгі мақсатын, негізгі міндеттерін және де мүмкін болар нәтижелерін білуде теміржолшыларға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру бойынша тақырыптық Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.
«Теміржол» партия филиалының ұйымдастырумен өткен шараға «Теміржол» емханасының бас дәрігердің орынбасары Нәзтай Кәрімбаева, эксперт дәрігер Болат Қоңқабаев қатысты.
Тақырыптық қабылдауда әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру тек мемлекет үшін ғана емес, халықтың мүддесі үшін қажеттілігі де айтылды. Жаңа жүйеге көшіп жатқан қаншалықты тиімді, қандай жеңілдіктер қарастырылған, МӘМС жағдайында дәрі –дәрмекпен қалай қамтылмақ және міндетті медициналық сақтандыру қарапайым халықтың қалтасына ауырлық түсіре ме деген сан алуан сұрақтар қойылып оған жауаптар алынды. Жүйе бойынша арнайы дайындалған видио ролик көрсетіліп тиісті әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, осы саладағы жұмысты біршама жүйелеуге жол ашады, ал бұл сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға мүмкіндік бермек.