ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДА БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР БАР
Арал ауданына жасаған пресс-тур аясында БАҚ өкілдері өңір өндірісі мен шағын бизнесті дамыту бағытындағы бастамалармен танысты.
Бүгінде қаладағы көрікті ғимараттың бірі «Керуен» тойханасы. Мамандар берген мәліметке сүйенсек, құны 230 миллион теңгені құрайтын тойхана қазір отыз адамды жұмыспен қамтып отыр. Бес жүзге жуық адамға арналған кешеннің жүз елу адам еркін жайғасатын кіші залы, қонақ үйі тағы бар.
«Керуен» секілді кешендер шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы жұмыстар жемісі.