ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру тұрғысынан «Болашақ» стипендиясын жаңғыртуға арналған баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова және конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубакірова қатысты.
Мейіржан Алпысбай жаңа экономикалық саясат пен мемлекетті жаңғырту басымдықтары жағдайында Қазақстан үшін елдің сапалы әлеуетін арттыру және тиімді кәсіби ресурсты қалыптастыру ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті.
–«Болашақ» халықаралық стипендиясы білім беру салысындағы қазақстандық алғашқы серпілісті жобалардың бірі болып, кәсіби мамандарды даярлау жүйесі ретінде елдің кадрлардағы өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне толық бейімделуге ұмтылуда. Бағдарлама маңызы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институттық реформалары, елдің индустриалды-инновациялық дамуы және Мемлекет басшысының «Жаңғырту 3.0» Жолдауында белгіленген «адами капитал сапасын жақсарту» бойынша міндеттер аясында нығаяды, – деді ол.
Білім және ғылым министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Жаңғырту 3.0» іске асыру шеңберінде «Болашақ» стипендиясын әкімшілендірудің бірқатар негізгі параметрін қайта қарастырды.
23 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданды.