«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ «ТЕМІРЖОЛ» ФИЛИАЛЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қызылорда теміржол вокзалы аумағында орналасқан дүңгіршектерде жолаушылар мен вокзалға келіп-кеткен халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер жұмысына рейд өтті.
Оған Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шүленбаев, Қызылорда станциясының ІІЖБ басшысы Нұрлан Қошқарбеков, санэпид қадағалау бөлім басшысы Аққали Рысбаев, «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базар Танбаева қатысты.
Шара барысында вокзалдың эстетикалық келбетін келтіру, онда көрсетілетін қосымша қызметтерді жақсартуға бағытталған концепцияға байланысты шешуі қиын мәселелер талқыланды. Жолаушыларға қызмет көрсетуде кездесетін ұсыныс пікірлер тыңдалды.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базар Танбаева елімізде ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіріп отырған шағын және орта бизнеске жасалып отырған қолдаулар туралы айтып өтті. Дегенмен осындай рейдтер арқылы олардың тауар сапасын нашарлатпай, халықтың көңілінен шығатындай жұмыс жасаулары қадағаланып тұрады.