ҚАРМАҚШЫДА ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТ СЫНАҒЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында орналасқан Ұлттық біріңғай тестілеу орталығында 258 бітіруші бағын сынаса, 21 маусым күні Ақай ауылындағы №99 мектеп базасында, 275 оқушы арнайы жабдықталған аудиторияларда тест сұрақтарына жауап толтыруға отыратын болады.
Аталмыш білім сынағына аудан бойынша 494 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ге қатысу үшін өтініш берсе, (454-қазақ, 39-орыс сыныбы) Байқоңыр қаласындағы орыс мектептерінің 251 бітірушісінен 39 түлек өтініш берді. Білім бәсекесінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі С.Мақашов түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.