ЖАСТАР ШЫҚТЫ ЖАРЫСҚА
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс өткізді. Басқарманың бұл бастамасына «ҚазақстанТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ Қызылорда филиалының демеушілік танытты.
Барлығы 9 команда қатысқан жастар жарысында спортшылар әдемі ойын өрнегін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орын жүлдесін облыстық ішкі істер департаменті командасы қанжығасына байлады, екінші орын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» жастарында. Ал үштікті 3-орынды «Қазсушар» РМҚК-командасы түйіндеді.
Жарысқа қатысқан барлық командаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.