МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ
Мемлекеттік тіл – ұлт пен ұлысты біріктіретін бірден-бір фактор. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінде біршама жұмыстар атқарылып келеді. Қызметкерлерден тоқсанына бір рет диктант жұмысы алынып, нәтижесі тиісті орындарға жолданып отырады.
Сонымен қатар «Қазтест» жүйесі мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың ең тиімді тәсілі. Осы мақсатта 2014 жылдан бастап Департамент қызметкерлері сынақ тапсырып, деңгейлерін біліп отырады.
Осы жылдың 1 ақпан - 27 наурыз аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы «Қазтест» жүйесі бойынша курс ұйымдастырылып, нәтижесінде 20 қызметкер В1 орта деңгейін дәлелдеген сертификатқа ие болды.
Курсты орталық оқытушысы Жаныгүл Ерекешова жүргізді. Сабақ барысында деңгей анықтау, қорытынды тест жұмыстары алынды. Тыңдалым, оқылым, жазылым, дағдаларын қалыптастыру жаттығулары бойынша тыңдаушылар біршама ізденді. Сертификаттық тестілеуде кездесетін күрделі сұрақтар мен тесттердің технологиясын, дұрыс жауаптарды табудың жолдарын үйретті.
Әсіресе диктант, мазмұндама, шығарма, жұмыстары қызметкерлердің жазба жұмыстарына деген жауапкершілігін арттырды.
Т іл мәселесі қоғаммен бірге жасап, жаңаратын күрделі құбылыс. Демек қоғам мен тіл егіз ұғым. Олай болса ана тіліміз тұғырлы болсын.
Р.МАМЕКОВА,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы