ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
№5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің күрес залында Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл толуына орай Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің арасында қоян қолтық күрестен ашық біріншілік өтті.
«Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалы басшысының бірінші орынбасары Қуандық Миралиевтің айтуынша турнир Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің арасында спорттың қызметтік-қолданбалы түрінің әрі қарай дамуын арттыру, қатысушылардың кәсіби шеберліктерін мен спорттық біліктілігін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттауға арналып отыр.
Жігіттің білек күші ғана емес ақылы мен айласы, төзімі сынға түскен сайыстан 55-60 келі салмақ аралығында І орынды қатардағы полиция Абай Нұрғалиев иеленді. ІІ орын полиция лейтенанты Мадияр Айдарбековте, ал ІІІ орын жүлдесі полиция сержанты Нұрбек Қалиға бұйырды.
Ал 65-70 кг салмақ аралығында полиция сержанты Ертуған Қолқанатқа тең келер ешкім болмады. Бұл салмақта екінші орынды полиция сержанты Ардақ Ғасырбек алса, аға лейтенант Нұсұлтан Алматов үшінші жүлде алды.
75-80 келі салмақтағылар арасынан полиция сержанты Зелимхан Хасиханов топ жарды.
Екінші орын полиция сержанты Дархан Есдәулетовке бұйырса, оның әріптесі Қасиет Талғатұлы үшінші орын тұғырына шықты.
85-90 кг салмақ аралығында полиция аға сержанты Ержан Сариев бірінші орын алса, полиция сержанты Марат Жетесовке екінші орын бұйырды. Бұл салмақтағы үштікті сержант Нұрболат Нағашыбев түйіндеді.