МАМАНДАР ВЕЛОШЕРУГЕ ШЫҚТЫ

Сайыс өз деңгейінде өтті. 8 шақырым жолда велоспортшылар бар күш-жігерін салды. Жарысқа қатысқандар арасында жастардың көбеюі велоспортқа деген ел қызығушылығын танытқандай болды. Бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында ұйымдастырылған бұл сайысты алда әуесқойлар арасында өткізу жоспарланып отыр.