ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы аймақтық кеңестің отырсы өтті.
Отырыста кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен аймақта шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлер құқтарының қорғалуы секілді мәселелер жан- жақты талқыланды.
Кеңес отырысына қатысқан партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев кәсіпкерлікті дамыту елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететінін айтып өтті.
Кеңес мүшесі, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ілияс Қожахметов 2016 жыл мен 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер тарапынан 330 өтініш түсіп, оның 125-і оң шешімін тапқанын тілге тиек етті.
«Келіп түскен өтініштердің басым бөлігін – жер қатынастары мәселелері құрайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша 31 пайыз, салық салу мәселелері 23 пайызды құрады. Оның ішінде алкогольдік өнімдерді сату үшін лицензиялық алым мен жалған кәсіпкерлік те бар. Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 13 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.200-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 250 млн.теңгеден астам қаржылары өздеріне қайтарылды»,- деді Ілияс Қожахметов.
Өңірде ауыл кәсіпкерлігін шағын несиемен қамтамасыз ету мақсатында "Микробизнес Қызылорда" пилоттық жобасы жүзеге асырылып келеді. 2015 жылы жобаға облыстық бюджеттен 360 млн. теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы шағын несиелендіру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен 300 млн. теңге қайтарымды қаржы бөлу келісім-шарты жасалып, шағын несиелендіруді дамыту пилоттық жобасын жүзеге асыруға барлығы 660 млн. теңге бөлінген.
«Қазіргі таңда бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жалпы көлемі – 761,1 млн теңге қаржыға 123 шағын бизнес субъектісі несиеге қол жеткізді. «Микробизнес Кызылорда» пилоттық жобасы шеңберінде 400-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылды» деді кеңес мүшесі Ілия Қожахметов өз сөзінде
Сондай-ақ кеңес отырысында ауылшаруашылығы кооперативтерін құру мәселесі де сөз болды. Белгілі болғандай бүгінгі күні облыс бойынша 133 кооперативтер құрылған. Оның 34-і мал шаруашылығы, 34-і егін шаруашылығымен айналысса қалған 65-і көпсалалы бағытқа негізделіп отыр. Құрылған кооперативтер бойынша 1880 шаруашылық біріктірілді.