«КАМБАЛА БАЛЫҚТЫҢ» ӨНІМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Ауданға жасаған пресс-турда БАҚ өкілдері «Камбала балық» жауапкершілігі шектеулі серктестігінде болды. Ата кәсібі жанданған өңірдегі өндірісте жыл сайын өнім көлемінің артып келе жатқанына көз жеткізді.
Қазір зауытта 35 адам жұмыс жасайды. Жылына бір жарым мың тоннаға дейін балық өңдеуге мүмкіндігі бар. Ысталған, тұздалған және балық фаршын, сом етін шығарады. Өнімдеріне сұраныс та жоғары.
Кәсіпорын директоры Ш.Əбдуалиевтің дерегінше ысталған балықтар Ресей, Әзербайжан, Грузия еліне жөнелтіліп отыр. Зауытқа Кіші Арал теңізінен №2 учаскесі бекітіліп берілген. Онда жылына 350 мың тоннаға дейін балық ауланады. Айтпақшы, өндіріс орны қауырт тірлікке көшкен көктемгі науқанда мұнда 70-80 адамға дейін еңбек етеді.
Нұрболат Нұржаубай (сурет).