ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ҰБТ ТАПСЫРУДА

Ал біздің облыс бойынша мектеп бітіріп отырған 6196 түлектің 4 мыңнан астамы ҰБТ-да бағын сынайды.
Өңірде 9 тестілеу орталығы жұмыс жасайды. Тағы бір айта кетерлігі, биыл мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау бекітілген іс-шара жоспары бойынша өтті. Бұл жұмыстар мектептегі күндізгі, кешкі дайындық түріндегі қосымша консультациялық сабақтар арқылы, облыстағы жыл бойы жұмыс жасайтын сауықтыру және қосымша білім беру орталықтарындағы курстар, білікті, жоғары деңгейлі мамандармен (республиканың алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ғалымдарымен) репетиторлық сабақтар және түрлі ақылы оқу орталықтарындағы курстарда жүргізілді. Осының бәрі түлектерімізге сында дем береді деген ойдамыз.