АРДАГЕРЛЕР АСТАНАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен жаңақорғандық 25 ардагер ЭКСПО көрмесіне аттанады, деп хабарлайды «Жаңақорған тынысының» тілшісі.
Осыған орай аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы құқық қорғау, ауылшаруашылық, медицина, білім, мәдениет және басқа салада еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлерге сәт сапар тіледі. Жылы лебізін білдіріп, бас қалаға аман-есен барып қайтуға тілек қосты.
Аудандық басылым тілшілері Жаңақорғаннан елордаға жол тартқан топ ішіндегі тыл ардагері Зиякүл Әбубәкірованың жолы Астанаға алғаш рет түсіп тұрғанын айтып отыр.