НЕГІЗГІ БАҒЫТТЫҢ БІРІ ЖАСТАРМЕН АДРЕСТІ ЖҰМЫС ІСТЕУ

Облыс бойынша тіркелген 65 жастар ұйымының 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүше тіркелген.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан заңды тұлға ретінде құрылған 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды (9 - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 1 - Байқоңыр қаласында бөлімше). Оның жанынан жастарды жұмыспен қамту үшін ашылған рекрутинг орталығы да өз қызметін атқаруда.
NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту мақсатында салааралық іс-шаралар жоспары аясында жастар дерек қоры бойынша жұмыс жүргізілуде.Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға,«Нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылады.
Жылдың алғашқы айында орталықтар қызметкерлері 35 шара ұйымдастырды, атап айтқанда, жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу - 21 кездесу, «Дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2017» ойындарына орай эстафеталық жарыс, 2 кездесу, 2 акция, «Жайдарман» ойыны, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша 6 кездесу мен акция, оқушылар Парламентінің отырысы өткізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленуде.