ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ 2 АДАМ СУҒА КЕТКЕН

Мамандардың айтуынша жыл басынан бері Қызылорда 9 адам тілсіз жаудың құрбаны болып отыр, оның үшеуі бала. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5 адамға кем.
- Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қайғылы жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Жасақ құтқарушылары да жыл басынан бері судағы және мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Десек те тұрғындардың салғырттығы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырып отыр, - дейді облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы Бақтияр Тұрманов.
Мамандардың айтуынша, үлкендердің суға кетуінің себебі - қауіпсіздік ережелерін ескермеуі, мас күйінде суға шомылу. Ал балалардың суға кетуі көп ретте ата-ананың қарауынсыз қалғаннан болып отыр дейді мамандар.