ЖИЫРМАҒА ЖУЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА БАР
2016 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінсе, биыл бұл мақсатқа 460 млн. жуық қаржы қарастырылып, қаржыландыру 53 пайызға артып отыр.
Ағымдағы жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 17 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде, ауыл жастарын әлеуметтендіруге баса мән беріледі, сонымен қатар ЖОО және ТжКБ беру ұйымдарын бітірген студенттер тәжірибеден өтіп, жұмыссыз, жазасын өтеп шыққан жастарға арналған оқу курстарын ұйымдастырылады, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 145 млн. 979 мың теңге қаржы қарастырылған (2016 жылы 18 әлеуметтік жобаға 81 млн.теңге)
Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан 3 214 күндізгі бөлім студентінің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруіне облыстық бюджеттен 109 млн. 070 мың теңге қаржы бөлінді.