ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЙДЫ

Биыл жыл басында жұмысын бастаған жастар саясаты басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаевтың мәліметінше 2016 жылғы ІІІ тоқсанына аймағымызда экономикалық белсенді жастар 100,5 мың адам (15-28 жас аралығындағы) болса, оның 4 900-і жұмыссыздар қатарында тұрған. Биылғы, яғни, 2017 жылдың 1 тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды, сонымен қатар NEET санатына жататын жастар 12,0% құрады (экономикалық белсенді емес - 62,6 мың адам, оның ішінде оқудағылар - 47,8 мың адам, үй шаруашылығында - 2 278 адам, денсаулығына байланысты - 948 адам, басқа мәселелер бойынша – 11 497 адам).