«STOP-ТРАФИК» БАРЫСЫНДА 5 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Мәселен, 13 маусымда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында қала орталығындағы сауналардың бірінде жеңгетайлық қызмет ұсынған жерінен 1989 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды. Аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен, яғни жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, шара барысында 14 маусым күні көрінеу жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай ұсынып тұрған жерінен 1968 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды. Аталған азаматшаға қатысты 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін құжаттар сотқа жолданды.
Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.