ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Облыс прокуроры Х.Дәуешов Арал және Қазалы аудандық прокуратураларында жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдады.
Облыс прокуроры мен қабылдауында болғандар арасында субсидия беру, әлеуметтік көмек көрсету, қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау мәселелері бойынша әңгіме өрбіді.
Қабылдауда болған 17 азаматтың 5-не ауызша заң талаптары түсіндірілсе, 12 азаматтан жазбаша арыздары қабылданып алынды. Мысалы, Қазалы ауданының тұрғыны кәмелет жасына толмаған 2 немересіне төленетін асыраушысынан айырылу жәрдемақысының олардың әкесі Б.А-тың «Kaspi Bank» АҚ-да несиесі болуына байланысты негізсіз ұсталып қалатындығына қатысты шағымы түсіріп, қазір ол қаралуда.
Қабылдауда болған азаматтардың басым көпшілігіне еңбек қатынастарынан туындайтын даулар бойынша тікелей сотқа жүгіну құқықтары түсіндірілді. Азаматтардың уәждерін тыңдаған облыс прокуроры аудан прокурорларына айтылған мәселелерді тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Прокуратура органдарының басшылығымен жүргізілген жеке қабылдаулар азаматтармен оңды бағалануына байланысты бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.