БҰЛ ШАРАНЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРЕР КҮН АЛДА
Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өз есігін айқара ашып, жаһан жұртшылығын өзіне қаратты.
ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенбек. Әлемнің әр қиырынан өкілдер қатысатын көрмеде бұрынғыға да, бүгінгіде де орын бар. Яғни мұнда тарих та, экономиканың өрлеуі де, мәдениеттің, өнердің гүлденуі де көрсетіледі. .Астана ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік аренада Қазақстанның танылуы мен туристік тартымдылығын арттыруға, біздің халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған.
Көрме өткізу, сонымен елімізге экономикалық және инфрақұрылымдық дамудың бағытын белгілеп,, өз мүмкіндіктеріміздің аясын кеңейтіп, орнықты даму мен халықаралық проблемалар шешімін табуда жаңа көкжиектер ашады.
Ең бастысы, көрмені мемлекет бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек. Көрме жаңа жұмыс орындарын ашуға, қоғамдық көлік, коммуналдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстарды өркендетуге, туристер ағынын күшейтуге, шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек. ЭКСПО Қазақстанды халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.Шараның шарапатын көретін күн алда.
А.ІЛИЯСОВА,
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
№1 мемлекеттік сектордың аудиті
бөлімінің жетекші маманы
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
№1 мемлекеттік сектордың аудиті
бөлімінің жетекші маманы