«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ – 2017»

Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттырып, отандық тауарлар сапасын көтеруді және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті өнімге толтыруды мақсат еткен байқауға аймақ тауар өндірушілері қатысады.
Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша бақ сынайтын болады.
Жеңімпаздар Астана қаласында «EXPO - 2017» шарасы аясында өткізілетін республикалық байқауға жолдама алады.
