“ҚЫЗ ҚАСҚЫР” ҚЫЗЫЛОРДАДА

Қойылым өзегі – адалдықты арқау етіп, ардан аттамаған қыз тағдыры. Қасқырлар ортасында қалған оның өмірі түз тағыларының адамнан көрген қиянатқа қарсы тағылық тартысымен бірге өріліп, көрерменді баурай түседі.
Спектакльде аң атаулының адалдығы мен адам пенделігінің әшкере әлемі қатар көрініс табады.