АРАЛДА ДІНГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында семинар өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғаш болып сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев дін саласындағы жергілікті атқарушы органның діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы іс-шараларына тоқталды.
Сонымен қатар, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зертттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Оспанов хабарлама барысында дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде толыққанды мәлімет берді.
Дәстүрлі емес діни ағымдағы тұлғаларды анықтау және олардың белгілері туралы Оңтүстік Қазақстан облысының дінтанушы теолог маманы Ұлықбек Алиакбарұлы өз баяндамасында мәлімдеді.
Аталмыш жиынға аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері және аудан имамдары қатысты. Кездесу барысында қазақтың дәстүрлі мазһабынан бас тартудың қатері талқыланды. Жиынға қатысушылар өздерін қызықтыратын түрлі діни ағымдар жөнінде сұрақтар қойып, оған толыққанды жауап алды.