АЙНАЛАНЫ ЛАСТАП, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

Мәселен, 2017 жылғы 28 мамырында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы аумаққа шолу жасау барысында бір азаматтың сусынның бос бөтелкесін қала орталығындағы көшелердің бірінде тастай салғанын байқайды. Сол жерге полиция жасағы жіберіліп, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қала аумағын ластаудың тағы бір дерегі 28 мамыр күні тіркелді. Бұл жолы бейнебақылау камераларының нысанына қоғамдық орында темекі тұқылын тастаған азамат түсті. Оған да әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Бейнебақылау желісі кеңейгелі бері ортақ пайдалану орындарын ластау фактілері де азайып келеді.